Қазақстан футбол Премьер-лигасы

"Ақтөбе" мен "Тобыл" ойынында жеті гол соғылды

Футбодан Қазақстан премьер-лигасының "Ақтөбе" мен "Тобыл" арасындағы матчте 7 гол соғылды.

Екі команда Қазақстан премьер-лигасының 13-турында кездесті. Алғашқы таймда "Ақтөбе" қатарынан 3 гол өткізіп алды.

Екінші тайм басында есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартқан. Алайда қостанайлық команда төртінші голын соғып кетті. Ойын аяқталар тұста Ромеро дубль жасағанмен, тең нәтижеге қол жеткізе алған жоқ.

13-турдан кейін Шымкенттің "Ордабасы" командасы премьер-лига көшін бастады.

Басқа спорттық жаңалықтар