2024 Еуропа Чемпионаты

Испания автоголдан кейін Грузияны ойсырата ұтты

Испания автоголдан кейін Грузияны ойсырата ұтты
instagram.com/sefutbol

Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасы Грузияны ұтты.

Кельнде өткен ойынның 18-минутнда Отар Какабадзе тепкен допты қайтарамын деген Робин Ле Норман оны өз қақпасына бағыттап жіберді - 0:1. Алайда үш минуттан кейін-ақ Родри есепті теңестірді. Испания үшін жеңіс голын Фабиан Руис екінші тайм басында салды.

Ары қарай Нико Уильямс (75-минут) пен Дани Ольмо (83-минут) есеп айырмасын ұлғайтып, грузиялықтарды ойсыратып тастады.

Басқа спорттық жаңалықтар