2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024: Англия Словакиямен матчте жеңісті жұлып алды

Еуро-2024: Англия Словакиямен матчте жеңісті жұлып алды
REUTERS

Еуропа чемпионаты өтіп жатқан Германияның Гельзенкирхен қаласында Англия мен Словакия құрамалары арасында 1\8 финал матчі болды.

Бұл ойында 25-минутта словакиялық Иван Шранц есеп ашты. Англия Еуродағы қатарынан үшінші ойында гол өткізіп алып отырғанын айта кетейік. 50-минутта англиялықтардың жартылай қорғаушысы Фил Фоден гол салды, алайда оның добы есептелмеді. Тек 95-минутта "Реал" жұлдызы Джуд Беллингем атақты Криштиану Роналду стилінде допты өзінен асыра теуіп, есепті теңестірді.

Осылай матч экстра-таймда жалғасты. Міне осы сәтте Гарет Саутгейт жаттықтыратын команда сапынан Харри Кейн жеңіс голын салды.

Басқа спорттық жаңалықтар