2024 Еуропа Чемпионаты

Германия өз жеріндегі Еуропа чемпионатының 1/4 финалына өтті

Германия өз жеріндегі Еуропа чемпионатының 1/4 финалына өтті
x.com/EURO2024

Футболдан Германия құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалына өтті.

1/8 финалда Юлиан Нагельсман жаттықтыратын команда Данияны 2:0 есебімен ұтты.

Кай Хаверц 53-минутта пенальтиден гол салды. 11-метрлік айып добы VAR жүесінің көмегімен Йоаким Андерсеннің қолымен ойнағанына байланысты тағайындалды.

68-минутта Нико Шлоттербек шығарған пастан Джамаль Мусиала Дания қақпасына допты дәл бағыттады.


Басқа спорттық жаңалықтар