2024 Еуропа Чемпионаты

Швейцария мен Италияның Еуродағы матчі сесациямен бітті

Швейцария мен Италияның Еуродағы матчі сесациямен бітті
x.com/EURO2024

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Швейцария мен Италия ойнады.

Плей-офф кезеңдегі алғашқы ойын Берлиндегі "Олимпиаштадион" алаңында өтті.

Швейцариялық футболшы Ремо Фройлер 37-минутта есеп ашты. Мурат Якин жаттықтыратын команда сапына 46-минутта Рубен Варгас екінші голды салды.

Осылайша, матч 2:0 есебімен аяқталды. Енді 1/4 финалда Швейцария құрамасы Англия - Словакия матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Италия құрамасының Еуропа чемпионы атағы бар.

Басқа спорттық жаңалықтар