Теннис

Уимблдонның негізгі жарысына қазақстандық теннисшілер өте алмады

Уимблдонның негізгі жарысына қазақстандық теннисшілер өте алмады
ҚБФ

Бүгін қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалындағы кездесулері сәтсіз аяқталды.

Денис Евсеев бельгиялық Зизу Бергске 1:6, 2:6, 2:6 есебімен жол берсе, Тимофей Скатов чилилік Кристиан Гариннен аса алмады – 2:6, 5:7, 3:6. Бейбіт Жұқаев франциялық Кентен Галиге 3:6, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберсе, Михаил Кукушкин оның отандасы Юго Гастоннан ұтылды – 2:6, 6:1, 5:7, 1:6.

Әйелдер арасында Зарина Дияс қытайлық Чжосюань Байдан жеңіліп қалды – 2:6, 5:7.

Осылайша, биылғы үшінші "Үлкен дулыға" турнирі - Уимблдонның іріктеуіне қатысқан қазақстандық теннисшінің бәрі жеңіліп, жарысқа жолдама ала алмады.

Басқа спорттық жаңалықтар