Футбол

Қазақстан жастар құрамасының Гельвеция кубогіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан жастар құрамасының Гельвеция кубогіндегі қарсыластары анықталды
fckairat.com

"Қайрат" U-17 командасының Гельвеция халықаралық кубогындағы қарсыластары анықталды.

Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында 8-11 тамыз аралығында өтетін турнирдің жеребесі тартылып, алматылық команда жасөспірімдері "А" тобына түсті. 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы бұл топта ПСЖ (Франция), "Винтертур" (Швейцария), "Санкт-Галлен" (Швейцария) және "Дейнзе" (Бельгия) командаларының өрендері ойнайды.

"Қайрат" жасөспірімдері жарыстағы алғашқы ойынын 9 тамыз күні турнир қожайындары "Санкт-Галленге» қарсы өткізеді. Қалған матчтардың күнтізбесі жақын арада белгілі болады.

Басқа спорттық жаңалықтар