2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңіндегі ең нашар футболшы белгілі

Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңіндегі ең нашар футболшы белгілі
x.com/MadridXtra

Статистикалық беделді WhoScored сайты Еуро-2024 топтық кезеңіне қатысқан барлық футболшылардың рейтингін жариялады.

Ұйым украиналық қақпашы Андрей Лунинді абсолют түрде ең нашар ойыншы деп таныды - ол 3,8 балл алды. Чемпионаттың 3 матчында алаңға шыққан 475 ойыншының ішінде Лунин көрсеткіші ең нашар деп бағаланды.

Бірінші орында 8,39 рейтингімен испаниялық жартылай қорғаушы Фабиан Руис тұр. Естеріңізге сала кетейік, Лунин тек Румынияға қарсы ойынға (0:3) қатысты.

Басқа спорттық жаңалықтар