Қазақстан футбол Премьер-лигасы

"Тобыл" сапына тағы бір португалиялықты қосты

fctobol.kz

Португалиялық жартылай қорғаушы Педро Эуженио қостанайлық «Тобыл» сапына қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Эуженио қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін елімізде «Жетісу», «Тараз», «Астана» және «Атырау» сапында ойын көрсетті. «Астана» құрамында чемпионаттың үздік бомбардирі атанды. Премьер-лигада барлығы 73 матч өткізіп, 32 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Тәжірибелі футболшы өз елінің «Спортинг» және «Бенфика» жастар командаларында ойнады. Португалияның жасөспірімдер құрамасында бес матч өткізген.


Басқа спорттық жаңалықтар