Теннис
Данилина жұптық сында Германиядағы турнирдің жартылай финалына жетті
ktf
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбургтегі (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жетті.
Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Оливия Николлс – франциялық Диан Парримен бір сағат 41 минут ойнап, 7:6 (7:4), 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчте қазақстандық-қытайлық дуэт 4 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Николлс – Парри 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Енді Данилина мен Сюй Ифань финалға шығу үшін тайбэйлік Хао-Чин Чань және ресейлік Вероника Кудерметова жұбымен ойнайды.