Қазақстан футбол Премьер-лигасы

ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшылардың жаңа тізімі жарияланды

ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшылардың жаңа тізімі жарияланды
ҚФФ

Transfermarkt басылымы Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылар рейтингін жаңартты. Тізім көшін ұлттық құрама және "Ақтөбе" командасының шабуылшысы Максим Самородов бастап тұр. Оның қазіргі трансферлік құны 1,2 млн еуроны құрайды.

Алғашқы ондыққа қазақстандық екі футболшы ғана енген. Қалған 8 футболшы премьер-лигаға келген легионер ойыншылар.

1. Максим Самородов ("Ақтөбе") – 1,2 млн еуро

2. Валерий Громыко ("Қайсар") – 900 мың еуро

3. Габи Кики ("Ақтөбе") – 900 мың еуро

4. Иброхимхалил Юлдошев ("Қайрат") – 800 мың еуро

5. Макс Эбонг ("Астана") – 800 мың еуро

6. Әлібек Қасым ("Ақтөбе") – 800 мың еуро

7. Дорни Ромеро ("Ақтөбе") – 800 мың еуро

8. Артем Беседин ("Ордабасы") – 800 мың еуро

9. Ловро Цвек ("Ордабасы") – 800 мың еуро

10. Егор Сорокин ("Елімай") – 800 мың еуро.

Басқа спорттық жаңалықтар