Теннис

Денис Евсеев те Уимблдон іріктеуінің финалына өтті

Денис Евсеев те Уимблдон іріктеуінің финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалына жетті.

Евсеев жартылай финалда рейтингіде 133-орында тұрған франциялық Титуан Дрогенді 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.1 сағат 21 минут өткен матчте Денис 9 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Дроге 3 эйс, 2 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Енді Евсеев әлемнің 179-ракеткасы, бельгиялық Зизу Бергс немесе рейтингіде 140-сатыдағы франциялық Пьер-Юг Эрбердің біреуімен ойнайды.


Басқа спорттық жаңалықтар