Теннис

Михаил Кукушкин Уимблдонға іріктеудің финалына жетті

Михаил Кукушкин Уимблдонға іріктеудің финалына жетті
АТР

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Уимблдонға іріктеу сайыстарының финалына өтті.

Кукушкин іріктеу кезеңінің жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 152-орында тұрған франциялық Бенджамин Бонзиді 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Бір сағат 21 минут өткен матчте қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Бонзи 10 эйспен көзге түсті.

Енді Кукушкин іріктеу финалында франциялық Юго Гастон мен 18 жастағы хорватиялық Дино Прижмич матчінің жеңімпазымен ойнайды

Басқа спорттық жаңалықтар