Футбол

"Тобыл" сапына португалиялық шабуылшыны қосты

sportarena.kz

Қостанайдың "Тобыл" командасы португалиялық шабуылшы Руй Коштаны қатарына қосты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

"Португалиялық шабуылшы сары-жасылдардың құрамына алынды. Кошта «Фамаликан», «Санта-Клара», «Порту В» және «Фаренсе» сияқты Португалия клубтарында, сондай-ақ Испанияның «Алькоркон» командасында доп тепкен," - деп жазды ресми хабарламада.

Руй Кошта клубқа 1 шілдеде қосылады.

Басқа спорттық жаңалықтар