Футбол

Әлемдегі ең кәрі футболшы жаңа команда тауып алды

Әлемдегі ең кәрі футболшы жаңа команда тауып алды
REUTERS / KYODO

Әлемдегі ең егде футболшы жапониялық Кадзуеси Миура өзіне жаңа клуб тапты.

Жапонияның төртінші дивизионында өнер көрсететін "Атлетико Судзука" клубы 57 жастағы Миураны "Йокогамадан" жалға алғанын хабарлады. Енді ол жаңа команда үшін 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін ойнайды.

2023/24 маусымында Кадзуеси Португалияның "Оливейренсе" клубы үшін бір матч өткізді, ол алаңға 87-минутта шыққан болатын.

Миура карьерасын 1986 жылы бразилиялық "Сантоста" бастады да, осы елде "Палмейрас", "Мацубару", "КРБ", "Жау", "Коритиба" командаларында ойнады. Сонымен бірге, жапониялық "Верди Кавасаки", "Киото Перпл Санга", "Виссел Кобе", "Судзука ПГ", италиялық "Дженоа", хорватиялық "Динамо" (Загреб), аустралиялық "Сидней" үшін өнер көрсеткен.

Басқа спорттық жаңалықтар