2024 Еуропа Чемпионаты

Түркия Еуро матчінде азшылықта қалған Чехияны әзер ұтты

Түркия Еуро матчінде азшылықта қалған Чехияны әзер ұтты
x.com/EURO2024

Еуро-2024 турнирі топтық кезеңінің соңғы мачтінде Чехия мен Түркия жеңімпазды анықтады.

F тобының үшінші тур ойыны Гамбургте өтті. 20-минутта-ақ чехиялықтар азшылықта қалды, Антонина Барака алаңнан қуылды. Алайда түріктер көптігін тек 51-минутта пайдаланып, Хакан Чалханоглу есеп ашты.

Дегенмен азшылықта болса да чехиялықтар 66-минутта есепті теңестірді, голды команда капитаны Томаш Соучек салды.

Қосымша уақытта - 94-минутта Дженк Тосун шешуші голды салды - 2:1.

Чехиялық Томаш Хоры ойыннан кейін жанжалға белсенді кірісіп кеткені үшін қызыл қағаз алды. Бұл ойында тартыс көп болды, екі ойыншының қуылғанына бөлек матчте 18 ескерту берілді (чехиялықтар жетеу және түріктерге 11).

Алты ұпай жинаған Түркия плей-офф кезеңге өтті. Ал чехиялықтарда тек бір балл және топта соңғы орында.

Басқа спорттық жаңалықтар