2024 Еуропа Чемпионаты

Украина Еуро-2024 турнирінен шығып қалды

Украина Еуро-2024 турнирінен шығып қалды
Global Look Press

Футболдан Еуропа чемпионатының "Е" тобындағы ойындар аяқталды. Соңғы турдағы екі ойын да тең нәтижемен бітті.

Штутгартта Украина мен Бельгия тең түсті. Бұл кездесуде командалар гол соға алған жоқ. Нәтижесінде украиндар жарысты топтық кезеңде аяқтады.

Франкфуртте өткен Румыния мен Словакия арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Тең нәтиже екі құраманы да қанағаттандыратын. 24-минутта Дуда румындарды алға шығарған. 37-минутта Разван Марин пенальтиден есепті теңестірді.

Топтық кезең қорытындысы бойынша Румыния "Е" тобының көшін бастады. Бельгия екінші орын алса, үшінші орынды словактар еншіледі.

1/8 финалда Бельгия Францияға қарсылас атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар