2024 Еуропа Чемпионаты

Еуродағы матчте Грузия күтпеген жерден Португалияны ұтты

Еуродағы матчте Грузия күтпеген жерден Португалияны ұтты
instagram.com/geo__team/

Грузия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатның плей-офф кезеңіне өтті.

Гельзенкирхенде өткен F тобының үшінші тур матчінде Вилли Саньоля жаттықтыратын команда Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Грузиялықтардың белді ойыншысы Хвича Кварацхелия екінші минутта-ақ есеп ашты. Екінші таймның 57-минутында Жорж Микаутадзе пенальтиден есепті еселеді.

Айта кетейік, алаңда нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмаған Роналду 65-минутта алмастырылды. Осылайша, Грузия төрт ұпай жинап, плей-офф кезеңге өтті. Ал португалиялықтарда алты балл.

Басқа спорттық жаңалықтар