Футзал
"Астананың" бұрығы ойыншысы карьерасын "Барселонада" жалғастырады
rioavefc.pt
"Астананың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Ренан Брессан карьерасын футзалда жалғастырады.
35 жастағы хавбек "Барселоанмен" келісімшартқа отырды.
Брессан ойнаған соңғы клуб Бразилияның Б (Д2) сериясындағы АБС болатын. Футболшы ол клубтан өткен айда кетті.
Еске салайық, Брессан "Астана" сапында 2014 жылғы маусымда өнер көрсетті. ҚПЛ-де ол алты матчке қатысып, бір гол салған.