ХК "Барыс"

Бүгін "Барыс" ҚХЛ-де өзінен мықты командаға қарсы матч өткізеді

Бүгін

Бүгін, 24 қазанда астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында кезекті матчін өткізеді. Қарсылас екатеренборлық "Автомобилист". 


Ресейдің Екатеренбор қаласында өтетін ойын Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Бұл матчті Qazsport арнасынан тікелей тамашалауға болады. Сонымен қоса, арнаның ресми сайтында да трансляция қолжетімді. 


Айта кетейік, 22 матчтен кейін еншісіне 20 ұпай жазған астаналықтар Шығыс конференциясында 11-орында (соңғыдан бір саты жоғары). Дегенмен бүгінгі кездесуге дейін "Барыс" қатарынан екі матчте ұтты. Ал "Автомобилист" (26) осы Шығыста төртінші келеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар