Еркін күрес

UWW Ризабек Айтмұханды ең үздік бес балуанның қатарына қосты

UWW  Ризабек Айтмұханды ең үздік бес балуанның қатарына қосты
UWW

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) әлеуметтік желіде болашағынан үміт күттіретін үздік бес балуанды атады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Жұлдызы енді жанып келе жатқан осы бес балуанға назар салу керек. Олардың қайсысы Олимпиада медалін бірінші болып жеңіп алады?", - делінген жазбада.

Үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, бахрейндік Ахмед Тажудинов, әзербайжандық Хасрат Жафаров, жапониялық Акари Фуджинами мен америкалық Амит Элор бар. 

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол Белградтағы әлем чемпионатында 92 келі салмақта топ жарды. Жақында бас бапкер балуанның олимпиадалық бағдарламаға кіретін 97 келіге ауысқанын мәлімдеді.

Басқа спорттық жаңалықтар