Футзал

Футзалдан Чемпионадр лигасында "Қайрат" косоволық команданы ойсырата ұтты

Футзалдан Чемпионадр лигасында
"Кайрат" АФК

Косовода футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңінің бірінші туры аясында «Приштина» мен «Қайрат» ойыны өтті.

Алматылық клуб сапынан Альберт Ақбалықов 5-минутта автогол авторы атанды. Алайда кейін «Қайрат» ойыншылары қатарынан жеті гол соқты. Екінші кезең басталғаннан косоволық футболшылар алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде 24-минутта олар есеп айырмасын қысқартқан еді. Дегенмен алматылық клуб басымдықты бермеді. Осылайша, бұл матчте 11:2 есебімен алматылық команда жеңіске жетті.

Гол авторлары: Педро Сантос 7, 17, Диего Фаверо 8, 17, Родриго Денер 12, 27, Алиссон 7, Эдсон 13, Дуглас 29, Алекс Виана 29, Кайо Руиз 30 – Акбаликов АГ 5, Махараж 24.

Енді Марлон Веласко шәкірттері келесі кездесуін 30 қарашада «Бенфикаға» қарсы өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар