Футбол
Чемпиондар лигасында плей-офф кезеңге өткен 12 команда анықталды

sovsport.ru
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-тур мачтері өтіп, оның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңге өткен тағы екі команда анықталды
Олар лондондық "Арсенал" мен голландиялық ПСВ, командалар рет бойынша В тобында бірінші және екінші болды.
Бұған дейін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне "Манчестер Сити", "Бавария", "Интер", "Реал Сосьедад", мадридтік "Реал", "РБ Лейпциг", "Атлетико" Мадрид, "Барселона", дортмундтық "Боруссия" және италиялық "Лацио" іріктелген болатын.
ЧЛ-дің топтық кезеңіндегі соңғы 6-тур ойындары 12-13 желтоқсанда өтеді.