Футбол
Чемпиондар лигасы: "Бавария" өз алаңында "Копенгагенді" ұта алмады

dailysports.net
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында мюнхендік "Бавария" даниялық "Копенгагенмен" тең түсті.
Германиялықтардың "Альянц-Арена" стадионында өткен кездесуде есеп ашылмады - 0:0. Бұл ойында даниялықтар қақпаға бағытталған соққыны көбірек жасағанын ғана айтуға болады. Ал "Бавария" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне кепілді түрде өтіп тұр.
Мюнхендіктер 13 ұпаймен А тобында бірінші. "Копенгаген" бес баллмен топта екінші.