Футбол
"Бенфика" мен "Интер" Чемпиондар лигасы матчінде тең түсті

Global Look Press
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында португалиялық "Бенфика" мен италиялық "Интер" тең түсті.
Лиссабондағы "Да Луш" стадионында өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды.
Бұл матчте "Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Жоау Мариу хет-трик жасады. Ал екінші таймда "Интер" сапынан 51-минутта шабуылшы Марко Арнаутович бірініш голдарын салды. Жеті минуттан кейін Давиде Фраттези есеп айырмашылығын қысқартты. Ал 72-минутта Алексис Санчес пенальтиден есепті теңестірді.
Осылайша,"Интер" 11 ұпай жинап, турнирлік кесте бойынша D тобында екінші. "Бенфика" бір баллмен топта тек төртінші. Сонымен қатар D тобында "Реал Сосьедад" (11 баллмен бірінші орын) және "РБ Зальцбург" (төрт ұпаймен үшінші) командалары бар.