Футбол

Қазақстан президенті құрама футболшыларын марапаттады

Қазақстан президенті құрама футболшыларын марапаттады

Республика күніне орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықтың нығаюына үлес қосып, қоғамдық белсенді қызмет жүргізген бір топ азамат мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. 


Олардың арасында футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары да бар. Осылайша, Асхат Тағыберген, Бахтиер Зайнутдинов және Максим Самородов "Ерен еңбегі үшін" орденімен марапатталды. 


Еске салайық, сегіз тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен Еуро-2024 турниріне іріктеу тобында үшінші келеді.Т опта Словения мен Дания (19 баллдан) көш бастап тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар