ММА

MMA Fighting тұжырымы. Махачев P4P рейтингінде бірінші орынға шықты

MMA Fighting тұжырымы. Махачев P4P рейтингінде бірінші орынға шықты

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев (25-1) MMA Fighting тұжырымы бойынша UFC файтерлері арасында P4P рейтингінде көш бастап тұр,


Бұл рейтингте Махачев жартылай жеңіл салмақта ұйым чемпионы аустралиялық Александр Волкановскиді (26-3) ығыстырып тастады.


Еске салайық, Махачев 21 қазан Абу-Дабиде өткен турнирде Волкановскиді бірінші раундта нокаутқа түсірді.


Айта кетейік, Ислам Александрмен екінші рет айқасып отыр. Бұған дейін олар 12 ақпан Аустралияның Петре қаласында өткен UFC 284 турнирінде кездесіп, дағыстандық файтер төрешілер шешімімен (48-47, 48-47, 49-46) басым түскен. 

Басқа спорттық жаңалықтар