2024 Еуропа Чемпионаты

Мбаппе Еуро-2024 матчі кезінде Левандовскиді балағаттады

Мбаппе Еуро-2024 матчі кезінде Левандовскиді балағаттады
instagram.com/equipedefrance/facebook.com/LaczyNasPilka

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңіндегі үшінші тур матчінде Польша командасының форварды Роберт Левандовскиге тіл тигізді.

Ladepeche мәліметінше, оқиға матчтің 88-минутында болды, польшалық футболшы Мбаппенің мұрнына тиіп кетті. Осы кезде франциялық Робертті "иттің баласы" деп атап, бетпердесін шешіп, мұрнын ұстап көрді.

D тобындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчте Мбаппе де, Левандовски де пенальтиден гол салды. Осы матчтен кейін 1 ұпай ғана жинаған Польша жарыстан шығып қалды, ал Франция топта екінші орынмен плей-офф кезеңге өтті.

Басқа спорттық жаңалықтар