2024 Еуропа Чемпионаты

Левандовски Еурода Роналдудың жетістігін қайталады

Левандовски Еурода Роналдудың жетістігін қайталады
pzpn.pl

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски Франция құрамасымен матчте (1:1) бірегей жетістікке жетті.

Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі Франциямен матчте ол 79-минутта пенальтиден гол салды.

Opta Sports мәліметінше, Левандовски төрт бірдей Еуропа чемпионатында гол салған тарихтағы үшінші футболшы болып отыр. Бұған дейін мұндайды Лука Модрич пен Криштиану Роналду ғана жасаған екен.

Дегенмен Польша Роберт гол салған бес матчтің біреуінде де ұтқан емес. Михал Пробежа жаттықтыратын команда D тобында бір ұпай ғана динап, жарыстан шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар