Футбол

Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды

Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды
FootballHD

Индонезияда өтіп жатқан футболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды. 

Шешуші матчте Германия мен Франция құрамалары ойнайтын болды. Германиялықтар жартылай финалда Аргентинаны ұтты. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды, ал пенальтиде немістер мықты болды - 4:2.

Франция 1/2 финалда Мали командасын ұтты - 2:1.

1 желтоқсанда Аргентина мен Мали үшінші орын үшін таласады, ал келесі күні франциялықтар мен германиялықтар жеңімпазды анықтайды.

Басқа спорттық жаңалықтар