Теннис

Рыбакина кортта Джоковичпен қол алысты. Видео

Рыбакина кортта Джоковичпен қол алысты. Видео

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен танымал серб теннисшісі Новак Джокович Уимблдон жарысының жаттығу кортында кездесіп қалды. Олар қол алысып, жымия амандасқан сәттің видеосы желіде тарады.

Видеоны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Тіпті, кейбірі Еленаның кортта күлгенін алғаш рет байқаған жазған.

"Олар тағы да жеңімпаз атанады" - деп пікір айтқандар да көп.


Басқа спорттық жаңалықтар