2024 Еуропа Чемпионаты

Аустрия құрамасы Еурода алғаш рет поей-офф кезеңге өтті

Аустрия құрамасы Еурода алғаш рет поей-офф кезеңге өтті
Euronews.com

Аустрия құрамасы тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде жеңімпаз атанды.

D тобында аустриялықтар соңғы турда Нидерланды құрамасын ұтып (3:2), алты ұпай жинады.

Берлинде өткен матчте голландиялықтар сапынан Дониэлл Мален автогол салып қойды. 47-минутта Коди Гакпо есепті теңестірді. 59-минутта аустриялық Романо Шмид командасын есепте алға шығарды. 75-минутта Мемфис Депай есепті қайтадан теңестірді. Ақыры 80-минутта Марсель Забитцер жеңіс голын салды, осыдан кейін есеп өзгерген жоқ.

Басқа спорттық жаңалықтар