0

Олимпиада кезінде Парижде метро бағасы екі еседей өседі

Олимпиада кезінде Парижде метро бағасы екі еседей өседі
SLON

Париж билігі Олимпиада кезінде метро билетінің бағасын екі еседей көтеру туралы шешім шығарды. Енді билет құны 2,10 емес, 4 еуро болады. Бұл туралы Euronews хабарлап отыр.

Париждің Иль-де-Франс аумағының басшысы Валери Пекресс жергілікті халық үшін бағаның өзгермейтінін айтты. Тарифтің бұлай қымбаттауы қоғамдық тасымал қызметіне жүктеменің күрт артатынымен түсіндірілді. Мұндай жүктеме өңірге 200 млн еуро шығын әкеледі екен.

"Олимпиада және Паралимпиада өткізуге байланысты Île-de-France Mobilités компаниясы көлік қызметі көлемін екі есе арттырады. Қосымша шығынды Париж халқының мойнына артуға болмайды. Сол себепті жаңа жол жүру ақысын енгізбекпіз. Күніне 16 еуро – әділетті баға. 20 шілде мен 8 қыркүйек аралығында бір апталық жол жүру билеті 70 еуроға дейін, метро билеті – 4 еуро, ал қала сыртына баратын электрлік көліктерге 6 еуро болады", - деді Пекресс.

Болжам бойынша, 2024 жылғы Олимпиада ойындары кезінде Парижге 10 миллион турист келеді. Жергілікті парламент есебі бойынша бұдан 5-10 миллиард еуро аралығында кіріс кіруі керек.

Басқа спорттық жаңалықтар