Футбол

«Боруссия» 5-турда «Миланды» ұтып плей-офф кезеңге жолдама алды

«Боруссия» 5-турда «Миланды» ұтып плей-офф кезеңге жолдама алды
Global Look Press

Дортмундтық «Боруссия» сырт алаңда италиялық «Миланды» 3:1 есебімен ұтты.

 «Боруссия» сапынан Марко Ройс 10-минутта пенальтиден есеп ашты. 37-минутта «Милан» есепті теңестірді - гол салған Сэмюэл Чуквуэзе. 59-минутта Джейми Байно-Гиттенс германиялықтарды есепте алға шығарды, ал 69-минутта Карим Адейеми матч есебінде нүкте қойды.

Осы мачттен кейін «Боруссия» (10 ұпаймен) кепілді түрде ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне жолдама жеңіп алды. «Милан» (5) бұл квартетте тек төртінші.

13 желтоқсандағы соңғы турда дортмундтықтар өз алаңында «ПСЖ» клубымен, ал «Милан» сырта алаңда «Ньюкаслмен» ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар