Еркін күрес

Жастар арасындағы АЧ-де еркін күрестен үш қазақстандық жүлделі болды

Жастар арасындағы АЧ-де еркін күрестен үш қазақстандық жүлделі болды
olympic.kz

Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Еркін күрес шеберлерінің еншісінде әзірге үш қола медаль бар. Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштікке енді.

Балуандарды Азия чемпионатына аға жаттықтырушылар Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев бастап апарды.

Айта кетелік, грек-рим күресінің шеберлері Азия біріншілігін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады.

Басқа спорттық жаңалықтар