Кәсіби бокс

Әйгілі Рой Джонстың ұлы өзіне қол жұмсады

Әйгілі Рой Джонстың ұлы өзіне қол жұмсады
boxingscene.com

Төрт салмақта чемпион болған және Бокс даңқының залына есімі жазылған әйгілі Рой Джонс ұлының өзіне қол салғанын хабарлады.

ДеАндре Джонс 32 жаста болған.

"Өкінішке қарай, менің ұлым ДеАндре сенбіде өзіне қол салды. Енді жұма күні үйге оралып, отбасыммен бірге оның қасындағы соңғы түнімді өткізуге мүмкіндік берген құдайға шүкір етемін. Қазір көптеген адам басынан ауыр күндер өткізіп жатқанын білемін, бірақ өмірден артық ештеңе жоқ. Оны жаратқан береді және жанды алатын да жаратқан болу керек. Өтініш, менің және отбасымның жеке өміріне осы қайғы басымыздан өткенше құрмет білдірулеріңізді сұраймын. Қолдауларыңызға рахмет", - деп жазыпты Джонс әлеуметтік желіде.

Басқа спорттық жаңалықтар