Футбол

Екі автогол. «Фейеноордты» ұтқан «Атлетико» топта бірінші орынға шықты

Екі автогол. «Фейеноордты» ұтқан «Атлетико» топта бірінші орынға шықты
SPORTARENA.com

Мадридтік «Атлетико» сырт алаңда нидерландиялық «Фейеноорд» командасын 3:1 есебімен ұтты.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-тур матчті Роттердам қаласында өтті. Бұл ойында голландиялық ойыншылар Лутсхарел Гертрюйда пен Сантьяго Хименес өз қақпаларына бір-бір автоголдан салды. Тек Матс Виффер бір голды қарсыластарының қақпасында тулатты. Ал испаниялықтар сапынан Марио Эрмосо бір гол салды. 

Осы матчтен кейін «Атлетико» 11 ұпаймен E тобында бірінші орынға шығып, кепілді түрде ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне өтіп отыр. 10 баллмен «Лацио» да келесі кезеңге жолдама алды. Ал «Фейеноорд» 6 ұпаймен Еуропа лигасын плей-офф кезеңінен бастайды, «Селтик» бір ғана ұпаймен топта соңғы.

Басқа спорттық жаңалықтар