Теннис

Шевченко Мальоркадағы турнирдің екінші айналымына өтті

Шевченко Мальоркадағы турнирдің екінші айналымына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мальоркадағы (Испания) ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті.

Бірінші айналымда ол дүниежүзілік рейтингіде 90-сатыдағы франциялық Констан Лестьенмен бір сағат 40 минут ойнап, оны 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Біұл матчте Шевченко 10 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Эйспен көзге түспеген Лестьенн 5 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, Чили өкілі Алехандро Табиломен таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар