Теннис

Кукушкин Уимблдон іріктеуін сәтті бастады

Кукушкин Уимблдон іріктеуін сәтті бастады
ҚТФ

Қазақстандық теннисші, әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин көгал төсенішіндегі Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Іріктеу додасында 27-ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен өткізді. Екі сетте де 6:3 есебі тіркеліп, 1 сағат 15 минутқа созылған матчта Кукушкин жеңіске жетті. Ол 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Сачко 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Михаил Кукушкин іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзи немесе рейтингіде 266-сатыдағы америкалық Райан Пенистон арасыелағы матч жеңіспазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар