Теннис

Уимблдон турнирінің іріктеуінде төрт қазақстандық теннисші өнер көрсетеді

Уимблдон турнирінің іріктеуінде төрт қазақстандық теннисші өнер көрсетеді
Reuters

Бүгін Лондонда Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталды.

Жылдың үшінші "Үлкен дулыға" жарысының іріктеу сатысында төрт бірдей қазақстандық теннисші бақ сынайды.

Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкодан өтуге тырысады.

Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингіде 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино.

Рейтингіде 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, 229-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен сынға түседі.

Басқа спорттық жаңалықтар