2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024: В тобындағы соңғы матчте Испания Албанияны ұтты

Еуро-2024: В тобындағы соңғы матчте Испания Албанияны ұтты
x.com/EURO2024

Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің үшінші тур матчінде плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алған Испания мен Албания құрамалары кездесті. 
Дюссельдорфта өткен В тобындағы матчтің 13-минутында испаниялықтардың вингері Ферран Торрес ойындағы жалғыз голды салды.

Осылайша, Испания тоғыз ұпай жинап, плей-офф кезеңге бірінші орынмен өтті. Ал бір ғана ұпайы бар Албания Польша және Шотландияның ізінше Еуродан шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар