Теннис

Қазақстандық теннисшілер ӘЧ іріктеуінде Жапониямен ойнайды

Қазақстандық теннисшілер ӘЧ іріктеуінде Жапониямен ойнайды
ҚТФ

Теннистен Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Қазақстандық әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды. Матч алдағы жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады.

Айта кетейік, іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді. 


Басқа спорттық жаңалықтар