Теннис

Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бад-Хомбургтегі (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Ирина Хромачева — бразилиялық Ингрид Гамарра-Мартинспен өткізді. Қазақстандық қытайлық жұп 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ресейлік-бразилиялық дуэт 4 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді Анна Данилина мен Сюй Ифаньның ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Басқа спорттық жаңалықтар