2024 Еуропа Чемпионаты

Бүгін Еуроның үшінші тур аясында Хорватия мен Италия ойнайды

Бүгін Еуроның үшінші тур аясында Хорватия мен Италия ойнайды

Бүгін, 25 маусымға қараған түні Еуро-2024 турниріндегі үшінші тур матчінде Хорватия мен Италия арасындағы ойын өтеді.

В тобындағы кездесу Лейпцигтегі "Ред Булл Арена" стадионында өтеді және оған нидерландылық Данни Маккели төрелік етеді. Басталуы Астана уақытымен 00:00. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Командалардың турнир кестесіндегі орны: Испания (6 ұпай), Италия (3), Албания (1), Хорватия (1).

Еуро келесі кезеңіне кварттетте алғашқы екі орынды алған командалар өтеді және үшінші орын алған командалар арасынан үздік төртеуі.

Басқа спорттық жаңалықтар