2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024: бүгін үшінші тур аясында Албания мен Испания ойнайды

Еуро-2024: бүгін үшінші тур аясында Албания мен Испания ойнайды
Okko Спорт

Бүгін түнде Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Албания мен Испания арасында үшінші тур матчі өтеді.

В тобындағы кездесу Дюссельдорфтағы "Меркур Шпиль-Арена" стадионында өтеді. Матчке швециялық Гленн Нюберг төрелік етеді. Басталуы Астана уақытымен 00:00. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Командалардың турнир кестесіндегі орны: Испания (6 ұпай), Италия (3), Албания (1), Хорватия (1).

Басқа спорттық жаңалықтар