2024 Еуропа Чемпионаты

Жарыстан шығып қалған Шотландия Еуро антирекордын қайталады

Жарыстан шығып қалған Шотландия Еуро антирекордын қайталады
Reuters

Шотландия құрамсының футболшылары Венгриядан ұтылып, Еуро-2024 турнирінен шығып қалды.

Opta Sports мәліметінше, шотландиялықтар ӘЧ мен Еуро сияқты ірі турнирлердің топтық кезеңіне 12 рет қатысып отыр, оның алтауында еш жеңіп көрмепті.

Сонымен қоса, Стив Кларк жаттықтыратын команда 2024 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезеңде қарсылас қақпасына жасаған соққылар саны бойынша Еуро антирекордын қайталады (17, 2016 жылы Солтүстік Ирландия да осылай еткен).

А тобында Германия 7 ұпаймен бірінші болды. Екінші 5 баллмен Швейцария. Венгрия үшінші сатыда (3). Ал Шотландия соңғы (1).

Басқа спорттық жаңалықтар