2024 Еуропа Чемпионаты

Нойер Еуро-2024 турнирінде Буффоның рекордынанн асып түсті

Нойер Еуро-2024 турнирінде Буффоның рекордынанн асып түсті
Sports.kz

Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер өз елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатында рекорд орнатты.

Opta Sports мәліметінше, топтық кезеңдегі Швейцарияға қарсы матч ол үшін Еуродағы 18-ші ойын болды - бұл қақпашылар арасындағы рекорд (Джанлуиджи Буффон 17 матч өткізген).

Екі құрама да плей-офф кезеңге өтті, Германия топтық кезеңде 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет сегіз гол салды, ол кезде де әлем біріншілігі осы елде өткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар