Теннис

Путинцева Бирмингемдегі WTA 250 турнирінің чемпионы атанды

Путинцева Бирмингемдегі WTA 250 турнирінің чемпионы атанды
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемдегі (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичті 6:1, 7:6 (10:8) есебімен ұтты. Бір сағат 27 минутқа созылған матчта Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Томлянович 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Осылайша, Юлия Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

Енді Путинцева Бад-Хомбург WTA 500 турниріне қатыспақ.

Басқа спорттық жаңалықтар