Футзал

"Барселонада" ойнаған футзалшы қазақстандық командаға ауысады

"Барслеона" МФК

Бразилиялық форвард Карлос Вагнер Гуларте Фильо (Феррао есімімен танымал) карьерасын Қазақстанда жалғастырады, деп жазады Мeta-ratings.kz.

Үш рет әлемнің үздік ойыншысы атанған Феррао каталондық клубпен қоштасып үлгерген. Жуық арада "Семей" командасының қатарына қосылады.

33 жастағы бразилиялық үш рет Испания чемпионы (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы, үш рет әлемнің үздік футзал шебері марапатына ие болды.

Айта кетейік, биыл "Семей" "Қайраттың" жылдар бойы жалғасып келе жатқан чемпиондық жорығын тоқтатып, ел чемпионы атанған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар