Теннис

Жекелей сын. Путинцева Бирмингемдегі турнирдің екінші айналымына өтті

Жекелей сын. Путинцева Бирмингемдегі турнирдің екінші айналымына өтті
IG/yulia_putintseva

Қазақстандық Юлия Путинцева Бирмингемдегі (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда франциялық Клара Бюрельмен бір сағат 26 минут ойнап, 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Бұл матчта Юлия 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Бюрель 2 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Путинцева ширек финалға шығу үшін ұлыбританиялық Кэти Бултер мен украиналық Ангелина Калинина кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар